Date of publication: 09.11.2021 16:17
Date of changing: 09.11.2021 16:19

МКК аудит департаменті экспорттық бақылау басқармасының және Комитеттің аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін Инспекциялық-тексеру кешендерінің суреттеріне талдау жасауға оқыту жүргізу қажеттілігі туралы хатының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлерін Simfox бағдарламалық өнімінде жұмыс істеу бойынша курс ұйымдастыру сұранысы негізінде ағымдағы жылдың 01 - 05 қарашасы аралығында Жамбыл облысы бойынша МКД "Айша-бибі" өткізу пунктінде "Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдану арқылы алынған рентгендік бейнелерге талдау жүргізу бойынша оқыту" тақырыбында Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 5 күндік арнайы оқу курсы өткізілді.

Курс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД-нің 14 қызметкері, ҚР ҰҚК ШҚ-нің 13 қызметкері оқудан өтті. Тыңдаушылар рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және тәжірибелік дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.

Курстың негізгі мақсаты - ИТК техникасы мен экипажының кешенді жүйесі болып табылатын кедендік бақылаудың сапасын арттыру, ИТК операторларының ұсынылған құжаттар мазмұнының мәліметтерімен сканерленген бейнелерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.

Қатысушылар:

-  жүктерді тиеп-түсірмей сканерлеу үшін ренгетген технологияларын қолдану арқылы;

-  сканерлердің техникалық сипаттамасы;

-  жасыру әдістері;

-  тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарды, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етуге;

- ИТК рентген-суреттерінің нәтижелері бойынша органикалық және бейорганикалық заттарды тануды талдау;

- рентген бейнесін перспективалық орналастырумен және тереңдетілген талдау жүргізумен танысты.

Курстын 3-4 күндерінде қатысушыларға Айша-бибі өткізу пунктінде өткізу пункті арқылы өтіп жатқан көлік құралдарын және жүктерді ИТК қондырғысынан өткізу тәжірибелік оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Қатысушылар тәжірибелік оқу-жаттығулары барысында Қырғыз Республикасынан Қазақстан аумағына 8 қап алма, көлік құралының ауа фильтрінен 4 жәшік айва жемісін ілеспе құжаттарынсыз алып өтпекші болған  көлік құралдарын анықтап, көлік жүргізушісінің қатысуымен терең тексеру жүргізді. Материалдар рәсімделгеннен кейін Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілді.

Кеден ісі саласындағы рентген телевизиялық аппараттарында және инспекциялық-тексеру кешендерінде он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері:

- Касымкулова Лаззат - ҚР ҚМ МКК ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы;

 - Абильмажинов А.М. Алматы облысы бойынша МКД" Алакөл " кеден бекетінің бас маманы дәріс оқыды;

Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу дағдыларын меңгерді.

Арнайы оқу курсы белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Курс соңында оқуды тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды.