
АҢДАТПА!
«Сыртқы экономикалық қызметте кедендік баждар мен салықтар бойынша жеңілдіктер» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары
2021 жылғы 10 қарашада сағат 10:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Сыртқы экономикалық қызметте кедендік баждар мен салықтар бойынша жеңілдіктер» тақырыбында вебинар өтеді.
Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Тарифтік бақылау және баға басқармасы басшысының орынбасары Таниев Ержан Бақытұлы сөз сөйлейді.
Спикер қандай тауарларды экспорттау және импорттау кезінде кедендік баж бен салықтардан жеңілдіктер берілетіні туралы айтып береді.
Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )
Сұрақтарды 2021 жылғы 9 қарашада сағ. 18:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.
Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz