Date of publication: 13.12.2021 20:01
Date of changing: 14.12.2021 12:19

АҢДАТПА!

«Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық міндеттемесін орындау» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық міндеттемесін орындау»  тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Арнаулы салық режимдері және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін әкімшілендіру басқармасының басшысы Смагулова Гульмира Амиргалиевна сөз сөйлейді.

Спикер кәсіпкерлерге қандай арнаулы салық режимдерін қолдануға болатынын және әрбір режимнің ерекшеліктері туралы (табыс шегі, қызмет түрлері, жалдамалы жұмысшылары) айтып береді.

 

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 14 желтоқсанда сағ. 09:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz