Date of publication: 30.12.2021 10:11
Date of changing: 30.12.2021 10:24

Коммерциялық емес ұйымдар үшін есептілікті жарты жылда бір рет тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Осыған дейін 018.00 нысанындағы есептілік тоқсан сайын тапсырылатын. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Салық кодексінің 29-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар үшін мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу, жұмсау туралы, ақша және мүлікті алушының қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтік сауалнамаларды және т. б. зерделеуге және жүргізуге бағытталған кезде хабардар ету міндеті енгізілді.

Хабарламалар мен мәліметтерді ұсыну қағидалары, нысандары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241,  2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 242 бұйрықтарымен бекітілген.

Өз қызметіне шетелдік валютада гранттық және басқа да қаражат алатын коммерциялық емес ұйымдар өздерінің қоғамдық жобаларын қатаң түрде бюджет бойынша және қаражаттың мақсатты мақсатымен жүзеге асыруға міндетті.

Іс жүзінде барлық қаражат, қоғамдық жобаларға арналған шығыстар қандай валютада жұмсалатынына қарамастан, коммерциялық емес ұйым донормен көзделген мақсаттар мен міндеттерге толық көлемде жіберуге және бюджет бойынша донорға есеп беруге міндетті.

Көптеген жағдайларда жобалар ұзақ мерзімді болып табылатындығын ескере отырып, есепті жарты жылда бір рет ұсынған жөн, сол арқылы қаражаттың жұмсалуы туралы нақты есеп тұтас болады.

Осыған байланысты, есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылатын 018.00-нысанын ұсыну мерзімдері бөлігінде коммерциялық емес ұйымдардың қызметін жақсарту және оңайлату мақсатында Комитет коммерциялық емес ұйымдар үшін есептілікті тапсыру мерзіміне (тоқсаннан жартыжылдыққа) өзгерістер енгізу бөлігінде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы мәліметтерді Мемлекеттік кіріс органына ұсыну қағидаларына, мерзімдері мен нысанына түзетулер енгізді.

Осылайша, коммерциялық емес ұйымдар үшін жоғарыда көрсетілген есептерді жарты жылда бір рет тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Өзгерістер 2022 жылдың 7 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Бұл тетік уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға, қаржылық есептілік мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсартуға мүмкіндік береді.