Date of publication: 10.01.2022 18:02
Date of changing: 10.01.2022 17:53

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде сыртқы экономикалық қызмет тауарларының номенклатурасын (СЭҚ ТН) кодтарын қолдану туралы

 

 «ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және оларды күші жойылды деп тану туралы» ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі қабылданды. Шешімге сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО СЭҚ халқаралық негізі бірыңғай ТН болып табылатын, Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің жетінші басылымы күшіне енді.

Шешім 2021 жылғы 6 қазанда ЕЭК құқықтық порталында жарияланды, сондай-ақ енгізілген өзгерістер туралы ақпарат 2021 жылғы 3 желтоқсанда МКК сайтында орналастырылды.

Сонымен қатар 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыстағы СЭҚ ТН кодтарының сабақтастығы бойынша ЭШФ АЖ-да тиісті жұмыстар жүргізілді, алайда Интернет желісінің ағымдағы тұрақсыз жұмысына байланысты жоспрланған жаңарту жүргізілген жоқ.

ЭШФ АЖ жүесін жаңарту жақын арада Интернет желісінің жұмысы тұрақталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Сондай-ақ төтенше жағыдайдың енгізілуіне және Интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комитет 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды.

Осылайша, жазып беру мерзімдері 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңге келетін (оның ішінде айналымды жасау күні 2021 жылғы желтоқсанның соңына келетін) шот-фактураларды қағаз жеткізгіште жазып беруге болады. Жазып берілген шот-фактураларды жүйеге 19 қаңтардан кейін  күнтізбелік 15 күн ішінде енгізу қажет.

 

СЭҚ ТН кодтары

Айналымды жасау күні 2022 жылғы 1 қаңтарға

Айналымды жасау күні 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін

СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерген жоқ (СЭҚ ТН кодтары 11332)

ЭШФ бұрынғы режимде жазып беріледі

ЭШФ бұрынғы режимде жазып беріледі

СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерді (СЭҚ ТН кодтары 1796)

ЭШФ жазып беру кезінде 31.12.2021 жылға дейін қолданыста болған СЭҚ ТН коды пайдаланылады

ЭШФ жазып беру кезінде 01.01.2022 жылдан бастап қолданыстағы СЭҚ ТН коды пайдаланылады

СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерген жоқ (СЭҚ ТН кодтары 989)

ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру бұрынғы режимдерде жүзеге асырылады

ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру бұрынғы режимдерде жүзеге асырылады

СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерді (СЭҚ ТН кодтары 807)

ЭШФ NON SNT белгісімен жазып беруге болады (уақытша Интернет желісінің жұмысы тұрақталғанға дейін)

2022 жылғы 1 қаңтардан кейін ВҚ-га тауарлардың түсуі ТШЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру СЭҚ ТН жаңа кодтарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ВҚ-ға түскен тауарлар қалдықтары бойынша ЭШФ NON SNT белгісімен жазып беруге болады (уақытша Интернет желісінің жұмысы тұрақталғанға дейін)

 

Жазылғандарды ескере отырып, жүйеде жұмыс істеу кезінде ЕЭК  Кеңесінің 14.09.2021 №80 шешімін (https://docs.eaeunion.org/docs/ru/014-30209/err_06102021_80) және әзірленген корреляциялық кестені қолдануды ұсынамыз, онда СЭҚ ТН кодтарының сабақтастығы бойынша ақпарат бар. Бірінші бетте СЭҚ ТН ауыстырылған кодтары белгіленген. Екінші бетте СЭҚ ТН жаңа кодтары көрсетілген.

 

Кестеге сілтеме: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/koda_tnved-2_10.01.22.xlsx