Date of publication: 10.06.2022 13:06
Date of changing: 10.06.2022 13:06

Ол үшін кәсіпкерлер палатасының базасында ақпараттық ресурс құрылды. Онда бұзушылықтар туралы мәліметтер жарияланады. Бұл Меморандумға қатысушыларға:

1. Мәмілелер жасалғанға дейін оңтайлы жабдықтаушыны таңдауға мүмкіндік береді;

2. Мәмілелер жасалғаннан кейін келесі мүмкіндіктерді береді:

  • жабдықтаушылардың бұзушылықтары туралы мәліметті алу;
  • бұзушылықтарды жедел реттеуге;
  • бұзушылықтарды жоймаған жағдайда олар туралы ақпарат кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланады.

Пилот шеңберінде астықтың қозғалысын бақылау келесі жолдармен қамтамасыз етіледі:

  1. астықты өндіру, сақтау объектілерін және астықтың өмірлік циклін есепке алу.
  2. «алқаптан шекараға дейін» астықтың бақылануы.

       Ол үшін «Qoldau» ақпараттық жүйесінде астық айналымы бойынша операцияларды есепке алу үшін «AstyqQoima виртуалды астық қоймасы» модулі әзірленді:

  • ғарыш түсірілімдері арқылы астықты себу, өсуі, жиналуын бақылау.
  • Электронды шот-фактуралар, электрондық астық қолхаттары, тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және т. б. арқылы тасымалдау, сақтау, сатып алу-сатуды бақылау.