
Ол үшін кәсіпкерлер палатасының базасында ақпараттық ресурс құрылды. Онда бұзушылықтар туралы мәліметтер жарияланады. Бұл Меморандумға қатысушыларға:
1. Мәмілелер жасалғанға дейін оңтайлы жабдықтаушыны таңдауға мүмкіндік береді;
2. Мәмілелер жасалғаннан кейін келесі мүмкіндіктерді береді:
- жабдықтаушылардың бұзушылықтары туралы мәліметті алу;
- бұзушылықтарды жедел реттеуге;
- бұзушылықтарды жоймаған жағдайда олар туралы ақпарат кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланады.
Пилот шеңберінде астықтың қозғалысын бақылау келесі жолдармен қамтамасыз етіледі:
- астықты өндіру, сақтау объектілерін және астықтың өмірлік циклін есепке алу.
- «алқаптан шекараға дейін» астықтың бақылануы.
Ол үшін «Qoldau» ақпараттық жүйесінде астық айналымы бойынша операцияларды есепке алу үшін «AstyqQoima виртуалды астық қоймасы» модулі әзірленді:
- ғарыш түсірілімдері арқылы астықты себу, өсуі, жиналуын бақылау.
- Электронды шот-фактуралар, электрондық астық қолхаттары, тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және т. б. арқылы тасымалдау, сақтау, сатып алу-сатуды бақылау.