Date of publication: 25.04.2023 16:10
Date of changing: 25.04.2023 16:14

ШЕШІМ

 

 

2023 жылғы «21» сәуір                № 44                                         Мәскеу қ.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жоғары экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентінің 154-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы 2019 жылғы 29 мамырдағы Келісімнің 14-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешім қабылдады:

1.   Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

а) 1-тармақтағы "2023 жылғы 31 наурыз" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсан"деген сөздермен ауыстырылсын;

б) 3-тармақта:

екінші абзацтағы «2022 жылғы 31 желтоқсан» деген сөздер «2023 жылғы 31 тамыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзацтағы «2023 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін» деген сөздер «2023 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.