
ШЕШІМ
2023 жылғы «21» сәуір № 44 Мәскеу қ.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жоғары экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентінің 154-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы 2019 жылғы 29 мамырдағы Келісімнің 14-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешім қабылдады:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармақтағы "2023 жылғы 31 наурыз" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсан"деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 3-тармақта:
екінші абзацтағы «2022 жылғы 31 желтоқсан» деген сөздер «2023 жылғы 31 тамыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «2023 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін» деген сөздер «2023 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
- Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.