Date of publication: 27.10.2020 17:20
Date of changing: 27.10.2020 17:36

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2020 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы

 

Бүгін, 2020 жылдың 27 қазанында, ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е.Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің 2020 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндады.

Комитеттің құрылымы туралы.

Комитет құрамында 17 өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттері жұмыс істейді, оның ішінде:

208 аудандық бөлімше және 19 өткізу пункті.

Комитеттің мақсаты - фискалдық әкімшілендіруді жақсарту, және бизнес үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету, сонымен қатар, бизнеске қысымды төмендету.

Комитеттің құзыретіндегі түсімдер.

Осы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 92%-ке, республикалық бюджет 82%-ке, жергілікті бюджет 116%-ке орындалды.

Республикалық бюджетке түсімдердің төмендеуіне пандемиямен байланысты сыртқы және ішкі факторлар әсер етті.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, «Базалық болжамға сәйкес биыл әлемдік жалпы ішкі өнім 5,2%-ке қысқарады деп күтілуде».

Ал Қазақстан Республика көрсеткіштері бойынша үшінші елдермен тауар айналымы жыл басынан бері 13%-ке төмендеді.

Тауар өткізу айналымы 11%-ке, оның ішінде ірі кәсіпорындары бойынша 20% төмендеді.

Төлемдер динамикасы.

Экономика секторлары бойынша, мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібінде түсімдер 44%-ке кеміді.

Сонымен бірге, түсімдер - өңдеу өнеркәсібінде 9%-ке, көлік секторында 6%-ке және құрылыста 4,3%-ке өсті.

Стратегиялық көрсеткіштер.

Біз соңғы 5 жылда артық төлемнің 2,3-тен 2,0 трлн-ға дейінгі ең үлкен кемуіне қол жеткіздік. 2020 жылдың басынан бері ол 68 млрд.теңгеге немесе 3,2%-ке төмендеді.

Өндіріп алу рәсімдерін күшейту есебінен салық берешегі 5,2%-ке төмендетілді.

Кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту есебінен ҚХР-мен кедендік статистика бойынша алшақтықты біз 48%-дан 44%-ға дейін қысқарта алдық.

Цифрлық технологияларды енгізу.

Фискалдық әкімшілендіруді жетілдіру процесі ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты.

2019 жылдан бастап тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін (ТБЖ АЖ) пайдалана бастадық.

Осы ақпараттық жүйе цифрлық фискалдық әкімшілендірудің барлық процесінің өзегі болып табылады.

Кірістер комитетінің жүйелері мен үшінші тұлғалардан алынған мәліметтер негізінде тәуекелдердің 54 түрлі модельдері құрылды. Қосымша 235 млрд.теңге, оның ішінде жыл басынан бері 102 млрд.теңге қамтамасыз етілді.

Тауарларды қадағалау жүйесі кедендік ақпараттық жүйелерінен басталады.

«АСТАНА-1» АЖ-де тауарларға арналған декларациялардың барлығы 100% электрондық түрде ұсынылады. Бұл заңнама нормаларының әр түрлі оқылуын барынша азайтты.

Жүйе енгізілген сәттен бастап 2,6 млн.-нан астам кедендік декларация шығарылды, оның 2 млн.астамы автоматты режимде 1 минут ішінде шығарылды. Жыл басынан бері қосымша түсімдер сомасы 23 млрд.теңгені құрады.

Бұдан басқа, «Бірыңғай терезе» АЖ арқылы рұқсат беру құжаттарына өтініш беру жүзеге асырылды. Порталда 2300 пайдаланушы тіркелген.

Тауарларды қадағалау жүйесінің келесі буыны «Электрондық шот-фактуралар» АЖ болып табылады.

2020 жылдың 1 қазанына жүйеде 483 мың пайдаланушы тіркелген және 450 млн.-нан астам ЭШФ жазылды. Жыл басынан бері қосымша түсімдер сомасы 68 млрд. теңгені құрады.

Тауарларды қадағалаудың соңғы буыны онлайн бақылау касса машинасы болып табылады, 2020 жылдан бастап оны қолдану міндетті.

Қазіргі уақытта еліміздегі онлайн-БКМ саны 710 мыңды немесе БКМ жалпы санының 97,5%-ін құрайды.

Бүгінгі таңда бақылау-касса машиналарының (БКМ) мемлекеттік тізіліміне 252 модель, оның ішінде онлайн БКМ-нің 98 моделі және мобильді онлайн БКМ-нің 10 моделі енгізілген. Келтірген пайдасы - 33 млрд.теңгеге жуық.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап eSalyq «Салық әмияны» мобильді қосымшасы іске қосылды. Қосымша App Store және Play Market алаңдарында қолжетімді.

Салық әмияны дұрыс емес төлемдер мен өсімпұлдарды алып тастауға, қайтарымдар мен инкассалық өкімдер санын қысқартуға, салық төлеушілердің уақытын үнемдеуге және банктердің комиссиясын алып тастауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Салық әмиянын пайдаланушылар саны 78 мыңнан асады.

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігі.

Комитет көлеңкелі экономиканы және бизнеске қысымды қысқарту шараларына аса назар аударады.

2020 жылдың 9 айында 7 мыңнан аса салықтық тексеру жүргізілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59%-ке немесе 10 мыңға аз.

Бұл ретте қоса есептелген сома 119 млрд. теңгені құрады  немесе 5,4%-ке өсті.

Өндіріп алу сомасы 58 млрд. теңгені құрады немесе 19%-ке өсті.

2020 жылдың басынан бастап 1,5 мың кедендік тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 23 млрд.теңге қоса есептелді және 7,2 млрд. теңге өндіріп алынды.

Республикалық бюджет түсімдерінің жартысынан астамы және іс жүзінде бүкіл Ұлттық қор ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі.

Салық төлеушілердің осы тобын бақылау әдістерін қолдану нәтижесінде жыл басынан бері қосымша түсімдер сомасы 37,7 млрд.теңгені құрады.

Экспорттық бақылау кезінде қате декларациялау фактілеріне ерекше назар аударылды.

Мәселен, жыл басынан бері тексерілген 2,5 мың көліктің 2,3 мыңы бойынша мәліметтердің сәйкессіздігі анықталды.

Жалған жүк алушылардың атына зат әкелу фактілерінің 95%-ке кемуі қамтамасыз етілді.

Қашықтықтан бақылаудың жаңа әдістері әзірленді.

Құны 452 млрд.теңге, қосымша түсімдер сомасы 4 млрд. теңгені құрайтын 106 құрылыс объектілеріне «Қазынашылық сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру мақсатында тиісті Қағидаларға өзгерістер енгізілді, онда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаржылық тұрақтылығы расталады.

9 айдың қорытындысы бойынша 2,3 мың өтініш қаралып, 7,1 млрд.теңге сомасына түсімдер қамтамасыз етілді.

Бұлардан тыс, тәуекелі жоғары компанияларды анықтау және электрондық шот фактураны шығаруды шектеу жөніндегі пилот іске асырылуда.

Жыл басынан бері 4 мың салық төлеушіге ЭШФ қызметтері шектелген, олар бойынша айналым 1,5 трлн. теңгені құрап, қосымша 7,3 млрд. теңге өндіріліп алынды.

Осының барлығы салық мәдениетіне және қашықтықтан мониторингтің дамуына оң әсер етті, жыл басынан бері түсімдер 11%-ға немесе 166 млрд.теңгеге артуы қамтамасыз етілді.

Тауарларды шығару кезіндегі кедендік бақылау.

Субъектілерге бағдарланған тәсілді, тәуекелдің қосымша бейіндерін енгізу және құнды түзету жолымен сыртқы шекараларда бақылау күшейтілді.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі 73%-ті құрады, 46 мың декларациядан 33,6 мың бұзушылық анықталды. Кедендік тексерулердің тиімділігі - 44%.

Осы бағытта талдау тұрақты негізде жүргізіледі және қажет болған жағдайда тәуекелдің тиімсіз индикаторлары түзетіледі не жойылады.

Жыл басынан бері тауарлардың кедендік құнына  31 мың түзету жүргізілді, 11,7 млрд. теңге қосымша өндірілді.

Қытаймен кедендік статистика бойынша алшақтықты азайту мақсатында Комитет пен ҚХР Бас кедендік басқармасы арасында онлайн ақпарат алмасу жолға қойылды.

Инспекциялық-тексеру құралдары арқылы өткізу пункттерінде кедендік операцияларға мониторинг жүргізу мақсатында «Ахуалдық орталық» құрылды.

Орталыққа өткізу пункттерінің барлық техникалық құралдары қосылған, 9 айда 702 заң бұзушылық анықталды, 885 млн.теңге өндірілді. Бақылау суреттерін талдау бойынша жасанды интеллект енгізу жоспарлануда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

Комитеттің басым міндеттерінің бірі – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және клиентке бағдарлану болып табылады.

Қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғаларға 44 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 27 салық қызметі және 17 кеден қызметі көрсетіледі.

Декларациялардың 99% электронды түрде ұсынылады, бизнес субъектілері үшін өз жүйелерінен салық есептілігін тапсыру үшін API сервисі іске асырылды.

Жыл басынан бері 17,3 млн. мемлекеттік қызмет, оның ішінде 97%-ті электрондық түрде көрсетілді.

Байланыс орталығы (Контакт-центр) өз жұмысын сәтті жүргізуде, 9 айда 360 мыңнан астам өтініш өңделді, олардың 90%-ті операторлардың жұмысын «өте жақсы» деп бағалады.

Пилоттық жобалар.

Көлеңкелі экономикамен күрес бойынша азаматтық ұстанымды арттыру мақсатында 10-нан астам пилоттық жоба іске асырылуда.

Солардың бірі Дәрілік заттар бойынша ЭШФ жазу  жөніндегі жоба кез келген нысандағы дәрілерді бақылап отыру мақсатында ағымдағы жылы іске қосылды.

 «Азаматтық бақылау - Чекті талап ет» жобасы азаматтық қоғамды, кірістерді жасыратын азаматтардың қызметіне жол бермеуді дәріптеуге бағытталған.

Пилотты жүргізу кезеңінде мобильді қосымша арқылы чектердің берілмегені туралы 11,5 мың хабарлама келіп түсті, оның ішінде 4,3 мыңы расталды, олар бойынша 904 мың теңгеге сыйақы төленді.

Қолдау шаралары мен жоспарлар.

Бюджеттің кіріс бөлігінің төмендеуіне қарамастан, Үкімет тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілікті сақтау мақсатында іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдады.

Мәселен, салықтардың кейбір түрлері үшін 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін «0» мөлшерлемесі енгізілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату және импорттау бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 12%-тен бастап 8%-ке дейін төмендетілді.

Салық декларацияларын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан бастап 31 мамырға дейін ұзартылды.

Шағын және орта бизнеске салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзарту берілді.

Салықтық бақылау және мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылды.

Мемлекет басшысы фискалдық саясатты жаңғырту және салықтық преференциялар мен жеңілдіктердің тиімділігіне талдау жүргізу жөнінде міндеттер қойды.

Осы тапсырма шеңберінде біз заңнамаға бірқатар ұсыныстар мен түзетулер әзірледік.

Тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды одан әрі жаңғырту жоспарлануда.

Әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын оңайлату мақсатында зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды біріктіру жоспарлануда.

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтарды біріктіру ұсынылады.

Салық төлеуден босату және мораторий кезеңінде қашықтан бақылауды, өзін-өзі реттеу және азаматтық бақылау институтын дамыту жолымен шағын бизнесті әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу жоспарлануда.

Салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді, «Экспорттық бақылау» модулін ықпалдастыра отырып, тауарларды бақылап отыру жүйесін әрі қарай дамытамыз.

Комитет алдына электрондық сервистерді дамыту мен проактивті қызметтерді енгізу бойынша міндеттер қойып отырмыз.

Сондай-ақ бизнесті ұсақтау және жалақыны «конверттерде» беру арқылы салық төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейту жоспарлануда.

Бұлардан тыс, 9 автокөлік пен бір теміржол өткізу пунктін қайта жаңарту және техникалық жарақтандыру басталады.

Сөз соңында, спикер Комитет ұжымы нәтижелерді қамтамасыз ету және қойылған міндеттерді орындау жолында бар күш-жігерін салатынына сендірді.