Жарияланған күні: 26.11.2014 01:00
Өзгертілген күні: 16.04.2024 15:38

 

 

Дуйсембиев Жандос Жумабаевич

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Жалпы ақпарат, білімі

Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев 1979 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданын, Рославль ауылында дүниеге келген.

Жоғары оқу орнын бітірген. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын, "қаржы және несие" мамандығын және 2015 жылы "Алматы" университеті, "Құқықтану" мамандығынді.

 

Еңбек қызметі

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маман-салық инспекторы болып бастаған.

2006 жылы желтоқсан айынан 2009 жылы қазан айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің басшысы.

2009 жылы қазан айынан 2010 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының басшысы.

2010 жылы сәуір айынан 2012 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.

2012 жылы желтоқсан айынан 2013 жылы шілде айына - Алматы қаласы бойынша салық департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2013 жылы шілде айынан 2013 жылы тамыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.

2013 жылы тамыз айынан 2014 жылы наурыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысы.

2014 жылдан 2015 жылдың ақпан айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.

2015 жылы ақпан айынан 2016 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2016 жылы желтоқсан айынан 2017 жылы мамыр айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

2017 жылы мамыр айынан 2019 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы.

2019 жылы сәуір айынан 2022 жылы қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры, Нұр-сұлтан қ.

2022 жылы қаңтар айынан 2022 жылы маусым айынан дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық декларациялау департаментінің директоры қызметін атқарды, Нұр-сұлтан қ.

2022 жылы маусым айынан бастап 2023 жылдың қыркүйек айына дейін "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысы лауазымын атқарды, Астана қ.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға лауазымын атқарады, Астана қ.

 

             

Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы  

 

Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1997 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Қаржы академиясы» АҚ-ын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

   Еңбек жолы

  • Еңбек жолын 1989 жылы бастаған, салық инспекциясы бөлімінің жеке кәсіпкерлік қызмет бойынша салық инспекторы, Өскемен қаласы бойынша Салық инспекциясының жетекші, аға салық инспекторы, ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаментінің бас маманы,  Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қостанай қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

    2019 жылғы маусымнан бастап - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салық әдіснамасы департаментінің директоры, 2020 жылғы мамырдан бастап - Әкімшілендіру департаментінің директоры.

    2021 жылдың қаңтарынан бастап - Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

    2020 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2021 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, 2016 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2013 жылы – «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.

 

 

 Қайрат Кәрімұлы Жұмағұлов

          Ақмола облысының Целиноград қаласында 1970 жылғы 20 қыркүйекте дүниеге келді.

Білімі  жоғары: 1992 жылы Целиноград инженерлі-құрылыс институтын «Ауылшаруашылық құрылысы» және 2006 жылы Қазақстан-Ресей  университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы 

  • 1992 жылы «Актас-Сервис» ПКФ менеджері ретінде қызмет етуден бастады.

  • 1996 жылдың сәуірінен 1998 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кедендік комитеті Ақмола облысы бойынша Кедендік басқармасы жолаушылық бөлімінің инспекторы, бас инспекторының міндеттерін атқарушы қызметтерін атқарды.

  • 1998 жылдың қарашасынан 2000 жылдың мамырына дейін Астана қаласы бойынша Бас кедендік басқармасы «Әуежай» кедендік бекетінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

  • 2000 жылдың мамырынан 2002 жылдың қазанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас кедендік басқармасы «Жаңажол» кедендік бекетінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

  • 2002 жылдың қазанынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымында атқарды.

  • 2007 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін «Астана жаңа қала» кедені кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің аға маманы қызметін атқарды.

  • 2007 жылғы  қазанда Қазақстан Республикасының кеден органынан өз еркімен жұмыстан босатылды.

  • 2008 жылдың сәуірінен 2009 жылдың наурызына дейін «Мастер DentKA» ЖШС менеджері қызметін атқарды.

  • 2009 жылдың сәуірінен бастап 2010 жылдың наурызына дейін Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Әулиекөл» кеден бекетінің аға маманы лауазымында қызметін атқарды.

  • 2010 жылғы  наурыздан  сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің  Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қарамағында болды.

  • 2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың мамырына дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің халықаралық әуерейстерді ресімдеу бөлімшесінің аға маманы, бас маманы лауазымдарын атқарды.

  • 2011 жылдың мамырынан 2011 жылдың маусымына дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Әуежай-Астана» кедендік бекетінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

  • 2011 жылдың маусымынан 2012 жылдың сәуіріне дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының уақытша міндеттерін атқарушы лауазымында қызмет атқарды.

  • 2012 жылдың сәуірінен 2012 жылдың тамызына дейін Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

  • 2012 жылдың тамызынан 2014 жылдың қарашасына дейін Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының міндеттерін уақытша атқарушысы, бастығы лауазымдарында атқарды.

  • 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

  • 2015 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

  • 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келеді.

  • 2020 жылғы 4 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары. Мерекелік медалдарімен марапатталған.

 

 

  Сейілжан Әділханұлы Ахметов

    

           Сейілжан Әділханұлы Ахметов - 1980 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары: 2000 жылы Рудный (мемлекеттік) индустриялық институтын «экономика және менеджмент, экономист-менеджер», 2003 жылы
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «құқықтану, заңгер», 2008 жылы академик З. Алдамжар Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «көлік бакалавры», 2017 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ««құқықтану, құқық магистрі» және 2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы 

       

                Еңбек жолын 2000 жылдың қазан айында Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша Салық комитетінің Жеке тұлғалар аудиті бөлімінің маманы болып бастап, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

                2004 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2006 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің түрлі бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеді.

                2005 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың тамызына дейін Қостанай облысы бойынша Салық комитеті және Салық департаменті басқармасының бастығы болған.

                2008 жылдың тамызынан 2011 жылдың ақпанына дейін Қостанай облысы Қарасу ауданы бойынша салық басқармасының бастығы қызметін атқарды.

                2011 жылғы ақпаннан 2014 жылғы қарашаға дейін Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы және Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша салық басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

                2014 жылғы қарашадан 2020 жылғы тамызға дейін  Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

               2020 жылдың тамызынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

               2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 

Слямов Бақытжан Оразғалиұлы

Слямов Бақытжан Оразғалиұлы 1983 жылы Жамбыл обылысы, Мерке ауылында туылған.Білімі-жоғары. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 

Еңбек жолын 2005 жылы «Жеті Жарғы» заң фирмасы» ЖШС заң кеңесшісі қызметінен бастап, директорға дейінгі жолды өтті.

2009 жылғы қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратына депутаттың көмекшісі лауазымына мемлекеттік қызметке қабылданды, ол жерде 2014 жылғы қаңтарға дейін жұмыс істеді.

2014 жылғы қаңтар - 2019 жылғы сәуір аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, кеңесші, инспектор лауазымдарында жұмыс істеді.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы қыркүйкке дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

2021 жылғы 20 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

 

 

Сүлейменов Ануар Айдарұлы

Әнуар Айдарұлы Сүлейменов 1985 жылы Талдықорған қаласында, Талдықорған облысында дүниеге келген.

Жоғары білімі. 2008 жылы Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірді, 2017 жылы Тұран университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінің маманы, жетекші маманы – жетекші салық инспекторы, бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

 2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 2016 жылдың тамызынан 2017 жылдың мамырына дейін Алматы қаласы "ФСДС" ЖШС Қаржы бақылаушысы болып жұмыс істеді.

 2017 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы қызметін атқарды.

 2019 жылғы маусымнан 2021 жылғы қаңтарға дейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 2021 жылдың ақпанынан 2021 жылдың тамызына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Әкімшілік департаментінің директоры қызметін атқарды.

 2021 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ірі салық төлеушілер департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.