- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 20.02.2015 13:04
Өзгертілген күні: 13.12.2023 18:07
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 ақпандағы № 16425 болып тіркелген)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген кіріс салығын бюджеттен қайтаруға;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салықтық резиденттігін растауға арналған;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының дұрыстығын растау бойынша.