Жарияланған күні: 14.06.2019 18:28
Өзгертілген күні: 18.06.2019 12:39

        1996 жылы халықаралық коммерциялық операцияларды жүргізу кезінде шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларға параны салықтық шегеру туралы ұсыным қабылданған еді. Бұл ұсынымды іске асыру парақорлықтың енді коммерциялық шығындар ретінде қарастырылмайтындығы, оның қылмыстық іс болып табылатындығы және ол үшін қатаң жаза қарастырылғандығын анық түрде көрсетті. 1996 жылғы ұсынымның негізінде және оны қолданудың тәжірибесі негізінде 2009 жылы халықаралық коммерциялық операцияларда шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды паралауменәрі қарай күрес бойынша Салықтық Шара туралы ұсыным қабылданды. Бұл елдерден шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларға паралардан салықтық шегеруге нақты тыйым салуды талап етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін ел ішінде және шетелде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында салық органдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.

     Салық инспекторлары мен салық аудиторлары үшін сыбайлас жемқорлық пен парақорлық туралы хабардар болуды арттыру жөніндегі нұсқаулық