Жарияланған күні: 18.10.2016 10:44
Өзгертілген күні: 09.03.2023 12:14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы 

ереже

 

1. Жалпы ережелер

1.     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – Оқу-әдістемелік орталығы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік мекеме нысанындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылатын және таралатын, мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілері мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті аумақтық (өніраралық) органы болып табылады.

2.     Оқу-әдістемелік орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.     Оқу-әдістемелік орталығы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.     Оқу-әдістемелік орталығы өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.

5.     Оқу-әдістемелік орталығы өз құзіретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ОӘО-ның актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

6.     Оқу-әдістемелік орталығының құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.

7.     Оқу-әдістемелік орталығының заңды мекенжайы: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 60.

          Оқу-әдістемелік орталығының кейбір құрылымдық бөлімшелері өзге мекенжайлар бойынша орналасуы мүмкін.

8.     Мемлекеттік органның толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

9.     Осы Ереже ОӘО-ның құрылтай құжаты болып табылады.

10.Оқу-әдістемелік орталығының қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

11.Егер Оқу-әдістемелік орталығына заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.

 

2. Оқу-әдістемелік орталығының міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

12.  Оқу-әдістемелік орталықтың міндеттері:

1)     мемлекеттік кірістер органдарының жанадан қабылданған қызметшілер мен қызметкерлерін даярлау оқыту процесін олардың кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2)     халықаралық стандарттарға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

3)     мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуымен білікті кадрлармен қажеттілігін қанағаттандыру, Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнамалары саласында дағдыларға ие болу;

4)     кәсіби даярлаудың мемлекеттік және халықаралық білім беру стандарттарының оқу процесі барысында игеру және іске асыру;

5)     мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің кәсіпқойлығын артыру мақсатында білімді тарату және беру;

6)     Дүниежүзілік кеден ұйымына (бұдан әрі – ДКҰ) мүше мемлекеттердің кеден қызметі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін оқыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты және өзара іс - қимылды дамыту.

13.  Оқу-әдістемелік орталығының функциялары:

1)     Комитеттің, оның аумақтық органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2)     мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің тұрақты оқыту сапасын жақсарту, оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жаңғырту негізінде, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3)     мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнама саласында оқыту процесін ұйымдастыру;

4)     Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының жанадан қабылданған қызметшілер мен қызметкерлерінің алғашқы кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында кәсіби бейімделуінің оқыту процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5)     даярлаудан (қайта даярлау) өткен тыңдаушылардың кәсіби білім деңгейін кешенді бағалау және оларды одан әрі оқыту процесінде пайдалану үшін ұсынымдарды әзірлеу және талдау;

6)     электрондық кітапхананы дамыту және оның қорын шетел мемлекеттердің кеден, салық және өзге заңнама саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының және шетел ДКедҰ мүше мемлекеттердің мерзімді әдебиеттерімен толықтыру;

7)     бюджеттен бөлінген қаражаттар шеңберінде семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

8)     жұмыс оқу бағдарламаларын және жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

9)     оқу процесіне жаңа технологияларды  енгізу;

10)           мемлекеттік кірістер органдарының кадрларын дайындау және арттыру бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану;

11)           ДКедҰ Еуропа өңірі мемлекеттерінің кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинарлар мен курстар өткізу;

12)           оқу материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық базасын дамыту және жетілдіру;

13)           мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

14)           Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша әзірлемелер және ғылыми зерттеулер жүрзізуді ұйымдастыру;

15)           Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

14.     Оқу-әдістемелік орталығының құқықтары және міндеттемелері:                          

1)     Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің кеден, салық және өзге заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорытындылау, сондай-ақ кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

2)     өз құзіреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін даярлау,  қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік және өзге органдарымен, сондай-ақ шет елдердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

3)      ұйымдастырушылық құрылым, Оқу-әдістемелік орталығы қызметшілерінің еңбегін ынталандыру мен жұмысты ұйымдастыру нысанын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4)      материалдық-техникалық және әлеуметтік базаны дамыту;

5)      мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

6)      білім беру процесін қамтамасыз ету мүддесін ғылыми қызмет, өнерпаздық және рационализаторлық ұсыныстар бойынша жұмысына конкурстарды құзыреті шегінде өткізу;

7)      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру;

8)      Оқу-әдістемелік орталығының қызметшілер мен қызметкерлерін қызметтік және ғылыми іссапарларға жіберу;

9)      құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің оқу мекемелерімен, ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің даярлауы, қайта даярлауы және біліктілігін арттыруы бойынша өзара іс-қимыл жасау;

10)           мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін жоғары денгейде оқытуды, қайта оқытуды жүзеге асыру;

11)           сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстарын жүргізу;

12)           Оқу-әдістемелік орталығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты профилактикалауга бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

13)           Оқу-әдістемелік орталығы қызметшілерінің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде қамтамасыз ету;

14)           Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.

 

3. Оқу-әдістемелік орталығының қызметін ұйымдастыру

 

15.Оқу-әдістемелік орталыққа басшылық ету Оқу-әдістемелік орталығына жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болатын Басшы жүзеге асырады.

16.     Оқу-әдістемелік орталығының басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

17.     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Оқу-әдістемелік орталығы басшысының  орынбасарлары бар.

18.Оқу-әдістемелік орталығының басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1)       өз орынбасарларының, Оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшыларының, қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;

2)       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оқу-әдістемелік орталығының қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3)       Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

4)       Оқу-әдістемелік орталығының құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

5)       Оқу-әдістемелік орталығының штат санының лимиті шегінде Оқу-әдістемелік орталығының штаттық кестесін бекітеді;

6)       Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Оқу-әдістемелік орталық басшысы орынбасарларының, қызметшілерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелрін шешеді;

7)       барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Оқу-әдістемелік орталықты білдіреді;

8)       сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;

9)       Комитетке ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы үшін дербес жауапкершілікте болады;

10)      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік орталығының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі

 

19.  Оқу-әдістемелік орталығының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі оның меншігіне берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншікті (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қызмет нәтижесінде және өзге көздерден алынған мүліктің есебінен қалыптастырылады.

20.  Оқу-әдістемелік орталыққа бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

21.  Оқу-әдістемелік орталығы оған бекітілген мүлікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Оқу-әдістемелік орталықты қайта ұйымдастыру және тарату

 

22.  Оқу-әдістемелік орталығының қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.