Келісім-шартта қол қойылады, келісім-шарттағы сома бірнеше транштарға (келісім-шарт бойынша) бөлінеді. 017.00 н. хабарламаға соммаларды қалай көрсету қажет, өйткені бағам әр траншқа әртүрлі болып табылады. Кеңестен кейін 2016 жылғы 1 наурызда келісім-шарт бойынша қол қойылған, 2016 жылғы 29 желтоқсанда түскен ақша алынғандығы туралы хабарламаны МКБ жібердім?
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді).