Жарияланған күні: 12.05.2022 12:47
Өзгертілген күні: 12.05.2022 12:48

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Банкроттық туралы істер бойынша  соттық тәжірибенің өзекті мәселерін талқылау»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары, Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Ерлан Далбин, аталған басқарманың орынбасары Меруерт Сисембаева, банкроттық басқарушылар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармалар өкілдері қатысты.

Талқылау барысында 2021-2022 жылдар бойынша статистикалық деректер аталды, банкроттық туралы түсетін талаптардың ұлғаюдың негізгі себептері, оларды жасау сапасы, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін қажет дәлелдемелер спектрі қозғалды.

Қатысушылар заңнаманы қолданудағы даулы сұрақтар бойынша ойларымен бөлісті, қолданыстағы сот тәжірибесін, мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушілерге соттан тыс төлем қабілетсіздігін реттеуді қолдану, сондай-ақ жоқ борышкерлер бойынша талаптар мүмкіндігі талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде банкроттық бойынша істерді неғұрлым тиімді жүргізу, борышкерлердің қаржылық түрақтылығы туралы қорытындыларда мемлекеттік кірістер органдары мен әкімшілер ұсынатын мәліметтер тізбесі жөнінде бірқатар ұсыныстар келіп түсті.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьяларының жүктемесі ескеріле отырып, қойылатын талаптар санының алгоритмі әзірленді.