Жарияланған күні: 10.10.2022 17:30
Өзгертілген күні: 10.10.2022 17:47

2022 жылғы 7 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – СҚБҮК) XXIX отырысы өтті.

СҚБҮК XXIX отырысының негізгі тақырыбы «Салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде кері байланыс және пайдаланушы тәжірибесін зерттеу негізінде интерактивті қызметтерді дамыту».

Отырысқа Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан салық әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті өкілдері қатысты.

СҚБҮК отырысында көрсетілетін салық қызметтерінің сапасын арттыру, оларды төлеушілер тарапынан бағалау, ТМД елдерінің салық әкімшіліктерінің тәжірибесі негізінде олар үшін жаңа интерактивті қызметтерді іздеу, сондай-ақ одан әрі даму перспективалары қарастырылды.

Қазақстандық тарап мемлекеттік қызмет көрсетудің үздік үлгісімен бөлісті. Таныстыру бейнеролигі: https://youtu.be/1aTvBxYAPRA

СҚБҮК-тың келесі отырысы Қазақстан Республикасында 2023 жылдың екінші жартысына жоспарланған.