Жарияланған күні: 14.10.2022 13:36
Өзгертілген күні: 14.10.2022 13:37

2021 жылғы 10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшылары Кедендік транзит кезінде қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімге қол қойды.

Келісім кепілді тетіктерді дамытуға және ЕАЭО шеңберінде транзиттік тасымалдарды жасау кезінде, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, бизнеске қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған.

Келісім тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу женіндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету екініші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

Сонымен қатар, келісім кепілгерлерді ұлттық кепілгерлер деп тану шарттарын айқындау және олар үшін транзит кезінде қаржылық кепілдіктер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың неғұрлым қолайлы шарттарын айқындау арқылы қамтамасыз етудің бір тәсілі ретінде кепілгерлік институтын дамытуға қосымша серпін береді.

Бұл екі бағыт жиынтығында ЕАЭО-ның барлық кедендік аумағы бойынша транзиттік тасымалдар жасайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша ЕАЭО-ның транзиттік жүйесін неғұрлым тартымды және бәсекеге қабілетті етеді.

Келісім ЕАЭО бірыңғай транзиттік жүйесінің элементтерінің бірі болады.

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында 2022 жылғы 5 қазаннан 2022 жылғы 19 қазанға дейін (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14252763) ашық талқылау үшін орналастырылған.