Жарияланған күні: 08.12.2022 17:22
Өзгертілген күні: 08.12.2022 17:23

 Әлеуметтік желілерде «Учет.kz» порталының негізін қалаған М.Барышевтың Алматы қаласы кәсіпкерлерінің атынан Қазақстан Республикасы Президентінің атына соттардағы мәмілелерді даулау мәселесі бойынша өтініші жарияланды.

Атап айтқанда, шетелдік инвестордың қатысуы бар компания мен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасындағы мәмілелерді даулау фактісі бойынша сот дауының егжей-тегжейлері айтылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономиканы төмендету және салық төлеуден жалтару схемаларының жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды объективті жариялау үшін айқындық енгізу қажет деп санайды.

Салық төлеуден жалтарудың заңсыз схемаларын анықтау тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдана отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Күдікті операциялар бойынша тауарлардың шығу тегін (3 адамнан импорттау, өндіру, сатып алу) анықтау үшін өнім берушілердің қызметіне талдау жүргізіледі немесе олардың жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету мүмкіндігі (өндірістік қуаттар мен жабдықтардың, қызметкерлердің және олардың біліктілігінің, салық жүктемесінің және т.б. болуы) бағаланады.

Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер мен міндеттерге сәйкес мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беруге құқылы екенін атап өту қажет (Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағының 10)-тармақшасы).

Талап қою үшін негіздеме шығындарды көбейту мақсатында кәсіпкерлер арасында жасалған мәмілелердің ойдан шығарылуы немесе жалған болуы мүмкін. Бұл салық төлеуден жалтарудың ең кең таралған схемасы.

Айтылған нақты мысалға келетін болсақ, ол бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында сот талқылауы аяқталған. Нәтижесінде компания мен адал емес жеткізуші арасында жасалған мәміле жарамсыз деп танылған.

Сотқа талап-арыз берілгенге дейін компанияға мәмілелердің жалғандық  белгілерінің бар екендігі туралы хабарланғанын атап өткен жөн.

Сот талқылауы барысында жеткізуші қызмет көрсету үшін жұмыскерлері жоқ қосалқы мердігерлерді тартқаны анықталды. Өз кезегінде, қосалқы мердігерлік компаниялардың басшыларына қатысты құқық қорғау органдары жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бір қызығы, бұрын жеткізушіге салық заңнамасының әртүрлі бұзушылықтарын жою туралы 90-нан астам хабарлама жіберілген. Жеткізушуге құжаттамалық салықтық тексеру жүргізілді, нәтижесінде 1 млрд. теңгеден астам сомаға салық төленбегені анықталды. Тексеру материалдары Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Бүгінгі таңда шетелдік қатысуы бар компания жалған жеткізушімен өзара есеп айырысуды өз еркімен жойды, сондай-ақ барлық салықтарды төледі. Компания сот шешіміне қатысты жоғары тұрған сотқа шағымданбаған.

 Осылайша, Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізсіз әрекеттері туралы әлеуметтік желіде тараған мәлімдеме шындыққа жанаспайды.

Мұндай жария өтініштер мемлекеттік органдардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы бұрмаланған қоғамдық пікір қалыптастырады.

Салық кодексінің 8-бабына сәйкес, салық төлеушінің салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді. 

Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары жұмыста салық заңнамасында көзделген қағидаттар мен нормаларды қатаң басшылыққа алады.