Жарияланған күні: 26.12.2022 17:22
Өзгертілген күні: 26.12.2022 18:34

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі ЕЭК Кеңесінің шешімімен оларға қатысты кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын тез бүлінетін тауарлар санаттарының тізбесі бекітілді. Шешіммен осы шешіммен бекітілген Тізбеге енгізілген тауарлар санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібі шешім күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы
31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылатыны белгіленген.

Бұл шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң – 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы 7 қарашада жарияланған).

Баяндалғанды ескере отырып, бұйрық жобасы «Өздеріне қатысты кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібі қолданылатын тез бүлінетін тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 271 бұйрығының күшін жоюды талап етеді.

Бұйрық нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=1433110) 2022 жылғы 8 желтоқсан.

Бұйрық жария талқылау мерзімі 2022 жылғы 26 желтоқсанда аяқталды.