
«Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегi № 929 бұйрығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы Бұйрық қабылдаудың мақсаты тарихи деректерді зерделеу тәртібін нақтылауды қоса алғанда, деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2024 жылға дейін ұзарту, бастапқы құжаттардан салық есептілігі нысандарын қалыптастыру тәртібін зерделеу, бухгалтерлік есеп және салық регистрлері, ақпараттық жүйелерді (бағдарламаларды) зерттеу,
салық төлеуші бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін пайдаланатын, салықтық және басқа да есепке алу түрлері мен оларды автоматтандыру деңгейі, салықтық есепке алу саласындағы ішкі бақылау жүйесін (бұдан әрі – ІБЖ) зерделеу.
Сондай-ақ, Бұйрық қатысушылардың жоба алдындағы жұмыс кезіндегі міндеттерін, сондай-ақ пилоттық енгізуді, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін енгізу және ІБЖ орнату бойынша міндеттерін нақтылауды көздейді.
Сонымен қатар, Комитет әзірлеген талаптарды ескере отырып, Салық кодексінде көзделген нормаларға сәйкес қатысушының пилоттық жобадан деңгейлес мониторинг режиміне өту мәселелері реттеледі.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес және сыбайлас жемқорлық нормаларын болдырмау мақсатында.
Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 33379 болып тіркелген және алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.