Жарияланған күні: 26.01.2024 20:48
Өзгертілген күні: 26.01.2024 20:53

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі- Бұйрық) бұйрығына өзгерістер енгізу туралы қаулысында мынадай өзгерістер көзделген:
1. Бұйрықтың мәтінінде, сондай- ақ 1- қосымшада мемлекеттік органның атауы мәтінде – «мемлекеттік кірістер органдары» «салық органдарына» өзгерту енгізілген.
2. Бұйрықтың 1- қосымшасынан Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталды, себебі, тәуекелдің орташа дәрежесімен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарылмайды.
Бұйрық жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет- порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14627057 2024жылғы 24 қаңтарда.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 7 ақпанға дейін.