
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін жаңа серверлерге көшіру барысында, 2025 жылғы 29 қыркүйекте жүйенің мерзімді қолжетімсіздігі туындағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Бұл ретте, «ЭШФ» АЖ-нің мерзімді қолжетімсіздігіне байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2025 жылғы 29 қыркүйекке ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
- 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.