Жарияланған күні: 08.01.2020 17:17
Өзгертілген күні: 08.01.2020 17:22

Құрметті салық төлеушілер!

       Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде туындаған техникалық мәселелерге байланысты 08.01.2020 жылғы жағдай бойынша деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі-БКМ) тіркеуге/өзгерістер енгізуге/есептен шығаруға сұрау салуларды өңдеу Регламенттің белгіленген мерзімдерін кешіктірумен жүргізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
БКМ тіркеуге берілген өтініштер оларды ұсыну күнімен өңделеді.  
           Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!