Жарияланған күні: 26.02.2020 16:24
Өзгертілген күні: 26.02.2020 16:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексінің 48-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, 2020 жылдан бастап салық міндеттемелері мен алдыңғы кезеңдердің талаптары үшін үш жылдық ескіру мерзімі қолданылуы керек деп хабарлайды.

Сонымен бірге, жоғарыда келтірілген ережелердің әртүрлі түсіндірмелерін болдырмау мақсатында Комитет қазір салық саясаты саласындағы уәкілетті органның ұстанымын ескере отырып, тиісті түзетулерді енгізді.

Хаттың толық мәтінімен kgd.gov.kz ресми сайтында танысуға болады