Жарияланған күні: 20.03.2020 14:31
Өзгертілген күні: 20.03.2020 14:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

БАЛАЛАР ТАҒАМЫ МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ОНЛАЙН ТІРКЕУ

 

Нұр-Сұлтан қ.                                                                                            20.03.2020 ж.

 

Балалар тағамы, биологиялық белсенді қоспалар мен өнімдердің сапасына қатысты мәселелер үнемі назар аударуды және егжей-тегжейлі талдауды қажет етеді. Тауарлардың бұл санаты біздің елге белгілі бір мерзімге берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (МТК) алғаннан кейін ғана әкелінеді.

2019 жылдың 19 сәуірінен бастап бұл қызметті онлайн режимінде «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялар үшін бірыңғай терезесі» арқылы беріліп келеді. Қызмет көрсету мерзімі - 30 күнтізбелік күн. Бұған дейін МТК тіркеу және қайта тіркеу үшін құжаттарды қабылдау қағаз түрінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылды.

«Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялар үшін бірыңғай терезесі» порталында компонент енгізілгеннен бергі уақыт ішінде 1000-нан астам МТК шығарылды.

Барлық берілген МТК Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Осы тізілімді қолдана отырып, импортталатын өнімдерде МТК бар-жоғын және оның жарамдылығын тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (МТК) - бұл тауарлардың бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға, сондай-ақ Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат.

МТК балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін растайды.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі