
2020 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Салықтық аудит басқармасымен бірлесіп «Салықтық тексерулер актілерін толтыру тәртібі, мерзімі және сапасы» тақырыбында Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс - шараның мақсаты –салықтық тексерулер жүргізу бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкелерінің біліктілігін арттыру, сондай ақ салықтық тексерулер жүргізу актілерін сапалы толтыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
3 қыркүйекте сағат 10.00-де қашықтықтан оқыту тыңдаушылары үшін дәріс оқылды. Дәріскерлер ретінде:
- Арман Александрович Тян, ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасының басшысы;
- Алия Жаныбековна Тлегенова, ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасының бас сарапшысы қатысты.