- +Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 25.03.2015 18:38
Өзгертілген күні: 28.03.2015 15:42
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей тапсырады.
Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.
Жүктеу |
Нысанның атауы |
---|---|
Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларация |
|
Қол қойылатын бонус және және коммерциялық табу бонусы бойынша салық декларация |
|
Үстеме пайда салығы бойынша декларация |
|
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық декларация |
|
Экспортқа рента салығы бойынша декларация |
|
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация |
|
Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық декларация |