
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Жеке тұлғалардан 19,7 млрд. теңге көлік салығы түсті
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7млрд.теңге түсті. Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 млрд.теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жібергеннен кейін 13,1 млрд. теңге түскен. Мұндай статистиканы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.
Сондай-ақ, МКК-де: «Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылға көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет болатын»,- деді.
2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.
Осыған дейін, а.ж. 30 наурызында https://t.me/kgdmfrk Telegram арнасында көлік салығы бойынша сауалнама жүргізген. «Сіз 2020 жылға арналған көлік құралдары салықтың төленуге тиісті алдағы сомасын қалай білдіңіз?»,- деген сұраққа сауалнамаға қатысушылар келесідей жауап берген:
- сауалнамаға қатысқандардың 36%-і салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы білген;
- 30%-і банктің мобильді қосымшасы арқылы;
- 5%-і «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы Калькулятордың көмегімен өздері дербес есептеген;
- 21% респонденттер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы Калькулятордың көмегімен өз бетінше есептеген;
- 8%-і Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, кеңес алуды жөн көрді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді алғаш рет төлеу мерзіміне дейін «e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасына жіберетінін мәлімдеген.
2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелген.