Жарияланған күні: 04.11.2021 18:36
Өзгертілген күні: 04.11.2021 18:31

АҢДАТПА!

«Дара кәсіпкер қызметін тоқтату» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

2021 жылғы 5 қарашада сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «Дара кәсіпкер қызметін тоқтату»  тақырыбында вебинар өтеді.

Спикерлер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас сарапшысы Камиева Жанат Каркенқызы және Салықтық аудит басқармасының бас сарапшысы Сарбаев Еркебұлан Жұмағалиұлы  сөз сөйлейді.

Спикерлер дара кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату туралы, қандай жағдайларда дара кәсіпкерге қатысты ликвидациялық салық тексеруі жүргізілетіні туралы айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 5 қарашада сағ. 11:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz