Дата публикации: 26.02.2021 16:39
Дата изменения: 26.02.2021 16:39

Халықаралық вебинар

«Трансферттік баға белгілеу 2.0»  

(22-23 қазан 2020 жыл)

2020 жылғы 22-23 қазан аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ЭЫДҰ – мен бірлесіп, ЕҚЫҰ, АҚШ, РФ, Беларусь, Украина салық әкімшіліктері өкілдерінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының өңірлік өкілдерінің қатысуымен «Трансферттік баға белгілеу 2.0» тақырыбына халықаралық вебинар өткізді.

Халықаралық вебинардың жұмысы ҚР ҚМ МКК мамандандырылған басқармасы басшысының орынбасары Қанат Доспановтың алғыс сөзімен басталды.

Вебинардың модераторы ЭЫДҰ сарапшысы – Томас Балко болды. Вебинар "ZOOM"платформасын пайдалана отырып, ілеспе аудармашыларды тарта отырып, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Вебинарды өткізудің мақсаты трансферттік баға белгілеу механизмін, трансферттік баға белгілеу саласындағы ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін, олардың ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестігін зерделеу, шет мемлекеттердің құқық қолдану практикасы мен тәжірибесін зерделеу болып табылады.

Дәріскерлер ретінде АҚШ ішкі кірістер қызметінің өкілдері – Джон Хагс, РФ Федералдық салық қызметінің өкілдері – Игорь Покидько сөз сөйледі. Қазақстандық тараптан ҚР ҚМ МКК мамандандырылған басқарма басшысының орынбасары Қанат Доспанов сөз сөйледі.

Вебинар барысында трансферттік баға белгілеуді дамыту, сондай-ақ трансферттік баға белгілеудің ішкі және халықаралық деңгейде қандай рөл атқаратыны туралы мәселелер қаралды.