Дата публикации: 03.03.2023 14:21
Дата изменения: 03.03.2023 14:21

№ 738 от 22.12.2022г.

2023 жылға арналған Мемлекеттік кірістер органдары

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби

даярлау жөніндегі кейбір мәселелер туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 21-тармағына және 13-бабының 13-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының міндетін атқарушының (бұдан әрі - Комитет) 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дүниежүзілік кеден ұйымы Өңірлік оқу орталығының халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Өңірлік салық орталығының халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес алғаш қабылданған лауазымды тұлғаларға арналған кәсіби даярлау курстарын өткізу бойынша оқыту жоспары бекітілсін.

2. Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы жұмыстарды осы бұйрықпен бекітілген Жоспарларға сәйкес ұйымдастырсын.

3. Комитеттің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармаcы (М.С. Кыстаубаева) осы бұйрықты Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының және мамандандырылған мемлекеттік мекемелері басшыларының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасының орынбасарына (Қ.К. Жұмағұлов) жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер

комитетінің төрағасы                                               Д. Жанәлінов