Дата публикации: 13.12.2023 14:10
Дата изменения: 13.12.2023 14:10

«Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру тәжірибесі»

тақырыбындағы халықаралық Вебинар (BRITACOM)

      2023 жылғы 05 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК ОӘО өңірлік салық орталығы Хатшылықтың қолдауымен БРИТАКОМ «Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру тәжірибесі» тақырыбында вебинар өткізді.

          Онлайн кездесудің мақсаты – BRI юрисдикциясындағы салықтық әкімшілендірудің әлеуетін арттыру, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы жұмыс тобының ілгерілеуі мен кейінгі қадамдарын талқылау үшін BRITACOM-ның барлық тараптарын біріктіру.

          ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Казакпаева Бахытгуль Джумабаевна алғы сөз сөйледі.

          Семинар Венгрия, Қазақстан, Индонезия және Қытай өкілдерінің төрт негізгі сөзінен тұрды. Содан кейін Гонконг, Қытай, Макао сияқты елдер салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласында тәжірибе және жаңа тенденциялармен алмасу сессиясын өткізді.

​          Онлайн-кездесу барысында ҚР ҚМ МКК Цифрландыру департаментінің өтпелі мониторинг басқармасының басшысы Ержан Маратович Мустафин салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз ету туралы сөз сөйлеп, ұлттық қадағалау жүйесі – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі туралы презентация ұсынды.

          Вебинар қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласында тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасуға және Britacom тараптарының салықтық әкімшілендіруді цифрландыру барысы туралы тереңірек білім алуға мүмкіндік берді.