Дата публикации: 26.02.2021 17:00
Дата изменения: 26.02.2021 17:02

Халықаралық вебинар

«BEPS қадамдарын іске асыру және талқылау»  

(2020 жылғы 14-15 желтоқсан)

2020 жылғы 14-15 желтоқсан аралығында оқу-әдістемелік орталық, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған басқармасы ЭЫДҰ-мен бірлесіп, Ресей, Украина, Беларусь салық әкімшіліктерінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының өңірлік өкілдерінің қатысуымен "BEPS қадамдарын іске асыру және талқылау" тақырыбында халықаралық вебинар өткізді.

Халықаралық вебинардың жұмысы ҚР ҚМ МКК мамандандырылған басқармасы басшысының орынбасары – Қанат Қайырбекұлы Доспановтың, ЭЫДҰ сарапшысы-Томас Балконың құттықтау сөздерінен басталды.

Вебинарды ҚР ҚМ МКК мамандандырылған басқармасының бас сарапшысы Әубәкірова Әсемгүл жүргізді. Вебинар "ZOOM"ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, орыс тілінде өткізілді.

Вебинарды өткізудің мақсаты халықаралық салықтық жоспарлаудың неғұрлым қарапайым және кең таралған схемасына шолу, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу саласындағы ЭЫДҰ басшылығына шолу жасау болып табылады.

Лектор ретінде ЭЫДҰ сарапшысы Томас Балко сөз сөйледі.

Вебинар барысында трансферттік баға белгілеудегі мәмілелер ұғымдары, мәмілелердің басқа әдістеріне шолу, мәмілелер жасаудағы елдердің әртүрлі тәсілдері және трансферттік баға белгілеудің әртүрлі әдістерін енгізудің халықаралық тәжірибесі қарастырылды. Сондай-ақ Беларусь Республикасының салық қызметінің өкілдері трансферттік баға белгілеу кейстерін көрсетті.

Тыңдаушылар қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды, сондай-ақ осы тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.