Жарияланған күні: 02.04.2024 10:42
Өзгертілген күні: 02.04.2024 10:52

АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының халықаралық экспорттық бақылау жәнет таратпау бағдарламасы (INECP) демеушілігімен Тәуекелдерді басқару бойынша семинар

      2024 жылдың 27-29 наурыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу – әдістемелік орталығында АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының халықаралық экспорттық бақылау және таратпау бағдарламасы (INECP) демеушілігімен Тәуекелдерді басқару бойынша үш күндік семинар өтіп жатыр.

Семинар жұмысы Самра Вольде-Тензе – АҚШ Энергетика министрлігінің (INECP) Бағдарлама басшысының алғы сөзімен басталды.

Семинардың мақсаты – экспорттық бақылау бойынша американдық сарапшылар пайдаланатын сауда қызметінің деректерін талдау әдіснамасын баяндау және нақты тауарлардың бақылау тізіміне енгізілген СЭҚ ТН жаңа кодтары бойынша сауда операцияларына қатысты Қазақстан үшін қос мақсаттағы тауарлар бойынша тәуекел бейіндерін әзірлеу кезінде осы әдіснаманы қолдану бойынша ынтымақтастықты жолға қою.

Семинар барысында қатысушыларға Америка Құрама Штаттарындағы құқық қорғау қызметіне көмек көрсету кезінде американдық мамандар қолданатын деректерді талдаудың нақты тәсілдері мен әдістемелерін сипаттайтын және талқылайтын баяндамалар ұсынылады. Сондай-ақ жаңа СЭҚ ТН кодтары бойынша жүктердің нақты тәуекел профилін әзірлеу бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізілетін болады.
Семинарға ҚР ҚМ МКК Орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері қызметкерлері қатысуда.

Америка Құрама Штаттары Энергетика министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері дәріскер ретінде қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша осы ақпаратты Қазақстанның мемлекеттік органдарының қолданыстағы бақылау саясатын тиімді жүзеге асыру және оңтайландыру үшін пайдалану мүмкіндігі талқыланады.