Жарияланған күні: 28.06.2024 11:39
Өзгертілген күні: 28.06.2024 12:16

Кеден кадрларының әлуетін арттыру саласындағы инновациялық тәсілдер

 

      

          2024 жылғы 20-21 маусымда Астана қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропа өңірінің Институционалды даму өңірлік кеңсесінің және Өңірлік оқу орталықтарының 12-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Әзірбайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Солтүстік Македония және Украина Өңірлік оқу орталықтарының өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дуйсембиев алғы сөзінде инновациялық  технологиялардың  қарқынды дамуы мен жоғары білікті мамандардардың болуы жағдайында әлуетті арттыру кеден органдардың басым болуы міндетті деп назар аударды.Осы диалог алаңы шеңберінде оқу орталықтары үшін озық  тәжірібие әзірлеуі тиіс әлеуетті арттыру саласын нығайту болып табылады.

Іс-шараның ашылу салтанатында  ДКҰ-ның Еуропалық өңірінің вице-төрағасы – Оистин Бёрмер, ДКҰ-ның  әлуетті арттыру жөніндегі директориат директоры-Таил Канг, сондай-ақ  ДКҰ-ның  Еуропа өңірінің Инстуционалдық даму өңірлік кеңсесінің директоры – Антонио Ло Парко қатысты. Олар өз кезегінде Жандос Дуйсембиев мырзаның ұсынысын қолдап, делегаттардың назарын оқу-орталықтарының өз-ара іс-қимылы кеден мамандарының кәсіби әлуетін дамытудың негізгі аспектісі болып табылатынына назар аударды.

Осы отырыстың басым бағыты өңірлік құрылымдар арасындағы ынтымастықты нығайту үшін қызметтің сапасын арттыру сондай-ақ одан әрі дамытуға бағытталған тақырыптар жоспарланған.

Отырыс шеңберінде кедендік әкімшіліктендіру мүмкіндіктерін кеңейтуге,өңірлік оқу орталықтары қызмет сапасын арттыруға және әрі қарай дамытуға,өңірлік құрылымдар арасындағы ынтымақтастығын нығайтуға   арналған тақырыптық сессиялар жоспарланған.

Панельдік сессиялардың бірінде Антонио Ло Парко мырза Өңірлік оқу орталықтарының өзара іс қимылын  жандандыру жөніндегі құралды әзірлеу үшін ұсыныстар мен талқылауды ұсынды.

Осы іс-шараның қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды күшейту және әлуетті арттыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі айқындайтын құжат жобасын әзірлеу болып табылады.