Жарияланған күні: 11.05.2020 12:42
Өзгертілген күні: 11.05.2020 12:48

«Іскерлік қарым-қатынастың этикалық және коммуникативтік принциптері» 

 

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Асылбекова Лейла Өмірзаққызы «Іскерлік қарым-қатынастың этикалық және коммуникативтік принциптері» тақырыбында бейне курс тыңдауын ұсынады».

Бұл бейне курсы кәсіби қызметі қарым-қатынасқа байланысты мемлекеттік қызметшілерге және өз жұмысының түрі бойынша адамдармен тиімді және сауатты қарым-қатынас жасауға, тұлғааралық қатынастарды жетілдіруге ұмтылатын адамдарға арналған.

Қазіргі уақытта осы қарым-қатынастар мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында іскерлік қарым-қатынастар этикасын зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Этика мәселелердің кең ауқымын қамтиды, оны бір ұйым ішіндегі және ұйымдар арасындағы қарым-қатынаста ескеру қажет. Ұсынылған сессияның негізгі мақсаты күнделікті қызметке қажетті белгілі бір адамгершілік қасиеттері бар кәсіби қызметкерді қалыптастыру болып табылады.

Өзін білу, өзін басқару, қарым-қатынас қуанышын сезіну, жаңа жағдайларда бейімделу, басқалармен келісімде өмір сүру, сондай-ақ адамды естуге, тыңдауға және түсінуге үйрену-бұл зерттелетін материалдың негізгі міндеттері.

«Іскерлік қарым-қатынастың этикалық және коммуникативтік принциптері» тақырыбына сілтеме бойынша бейне сабақ

1-ші сессия

2-ші сессия

3-ші сессия

4-ші сессия