Жарияланған күні: 09.05.2020 22:52
Өзгертілген күні: 12.03.2021 10:54

«Нұр-Сұлтан қаласы Дүниежүзілік

кеден ұйымының Өңірілік оқу орталығы»

 

Қазақстан Республикасының кеден қызметіне Дүниежүзілік кеден ұйымымен (әрі қарай – ДКҰ) өзара қарым-қатынаста жаңа импульс берген 2009 жылдың басты оқиғасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ДКҰ арасында Астана қаласындағы ДКҰ Өңірлік оқу орталығын (әрі қарай – ДКҰ ӨОО) құру туралы Меморандумға қол қоюдың ресми салтанаты болды.

Меморандумға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Оқу-әдістемелік орталығы халықаралық мәртебеге ие болып, ДКҰ Еуропалық өңіріндегі бесінші өңірлік оқу орталығына айналды.

ДКҰ ӨОО құру концепциясы өңірлік кеден қызметін кедендік басқаруда үдерісті шараларды енгізу мен қолдануды, өз кезегінде барлық кеден қызметінің тиімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ете алатын білікті де кәсіби дайындалған мамандармен толымдау аясындағы мемлекеттің қызығушылығынан бастау ала отырып жетілдірілген.

Астана қаласындағы ДКҰ ӨОО ресми ашылуы 2009 жылдың 14 желтоқсанында болып өтіп, оған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Масимов К.К., Қазақстан Республикасы Қаржы министрі  Жамишев Б.Б., ДКҰ Бас Хатшысы Кунио Микурия, сонымен қатар Орталық Азия елдері кеден қызметінің басшылары қатысты.

2009 жылдың 14-15 желтоқсанында, «Шекараларды интеграциялық басқару» тақырыбында, ДКҰ эксперттері тартылған, Армения, Әзербайжан, Беларуссия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінің өкілдері қатысқан алғашқы өңірлік семинар өтті. Семинардың қатысушылары өзектілігі жоғары мәселелерді талқылап, шекарада интеграциялық басқаруды жетілдіру мен кедендік басқару аясындағы әлемдік тәжірибенің келешегін қарастырды.

ДКҰ ӨОО Оқу-әдістемелік орталығының базасындағы 10 жыл мерзімнің ішінде кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері бойынша ДКҰ жетекші мамандары қатысқан шараларды қоса алғанда, 40-тан астам халықаралық семинар өткізді. Семинарлар тәуекелдерді басқару, тауардың шығу мерзімін зерттеу, кеден үрдісі, пост-кедендік бақылау, ДКҰ шекті стандарттары тәрізді кеден ісінің аса маңызды мәселелері бойынша өткізіледі.

ДКҰ ӨОО биылғы жылы ДКҰ әрекеттесуімен үш халықаралық семинарды өткізуді жоспарлауда.

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/66c12c76-b735-403d-927b-ba6836e4737a_2.jpg

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/039f6fc0-7f1d-453f-a183-7c3a18e461b1_0.jpg