Жарияланған күні: 02.03.2021 18:27
Өзгертілген күні: 02.03.2021 18:27

Халықаралық вебинар

"Тауарларды шығару уақытын зерттеу»

(19-22 қазан 2020 жыл)

     2020 жылғы 19-22 қазан аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ДКҰ-мен бірлесіп ЕҚЫҰ, GIZ өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының өңірлік өкілдерінің қатысуымен «Тауарларды шығару уақытын зерттеу» тақырыбына халықаралық вебинар өткізді.

     Халықаралық вебинардың жұмысы ҚР ҚМ МКК бақылау департаменті кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазалау басқармасының басшысы Ержан Фариденұлы Әбдірахмановтың алғы сөзімен басталды. Вебинардың модераторы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) өкілі Динара Дайрабаева болды. Вебинар "ZOOM"платформасын пайдалана отырып, ілеспе аудармашыларды тарта отырып, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

     Вебинарды өткізудің мақсаты сауда ағыны процесінде тар жерлерді анықтау және тиімділікті арттыру үшін тиісті қажетті шараларды қабылдау мақсатында келу сәтінен бастап жүктің физикалық шығарылуына дейін тауарларды шығару және/немесе кедендік тазарту үшін қажетті нақты уақытты өлшеуге арналған халықаралық деңгейде танылған ШУЗ-ға шолу жасау болып табылады.

     Вебинардың дәріскері ретінде ВТамО сарапшысы-Олуимо Да Силва сөз сөйледі. Қазақстандық тараптан әдіснама департаменті кедендік операциялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Уатқанов және бақылау департаменті кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасының бас сарапшысы Акмухамедова Асель баяндама жасады.

     Вебинар барысында ДКҰ ШУЗ (ДКҰ ШУЗ тұжырымдамасы, әдістемесі, артықшылықтары мен кезеңдері) шолуы жүргізілді, Австралия, Лаос және Жапония мысалында ШУЗ қатысушыларының халықаралық тәжірибесі көрсетілді, сондай-ақ ШУЗ бизнес-процесінің картасы қаралды. Тыңдаушылар вебинар өткізу кезеңінде тауарларды шығару уақытын зерттеу бойынша үлкен тәжірибе мен дағдыларға ие болды.