Жарияланған күні: 10.06.2020 18:46
Өзгертілген күні: 10.06.2020 19:37

Онлайн бақылау кассалық машиналарды қолдану

ОӘО-ғы ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесе отырып "Онлайн бақылау кассалық машиналарды қолдану" тақырыбында бейнеконференция байланысы арқылы қашықтықтан өткізетін семинардың бейне сабағын ұсынамыз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бақылау-кассалық машиналарды қолдану бүгінгі күні түсіндіру сипатындағы жиі келіп түсетін сұрақтар арасында өзекті тақырыптардың бірі болып тұр. Дәріскер ретінде: - Жусупов Санат Ахмадьяевич - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы. Іс-шара мақсаты – бақылау-машиналарын қолдану қағидаларын, негіздерін, тәртібін түсіндіру. ҚР ҚМ МКК МҚжЦД МҚБ сарапшысы келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берді: тіркеу деректерін қою, өзгерту және есептен шығару, БКМ чектерін, чектерді қайтару, БКМ пайдалану және БКМ қолдану.

"Онлайн бақылау кассалық машиналарды қолдану" тақырыбына сілтеме бойынша бейнесабақ