Жарияланған күні: 17.05.2020 23:58
Өзгертілген күні: 22.05.2020 11:53

АҚШ ЭМ ЕҚЖ/ЯКТАА (Eкінші қорғаныс желісі/ядролық контрабанда табу және алдын алу) бағдарламасы сайтының «Радиациялық сәулеленуді жалпы шолу» электрондық оқыту Модулінің «Радиациялық қауіпсіздік қағидалары»

 

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК ОӘО біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Малдыбаева Замира Айдарбековнамен бірге АҚШ ЭМ ЕҚЖ/ЯКТАА бағдарламасының сайтында оқудан өтуді ұсынады.

Электрондық оқытудың осы модулі радиациялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді атқаратын қызметкерлерге, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға арналған.

Модульден өту кезінде қылмыстық немесе санкцияланбаған әрекеттерді анықтау және қадағалау үшін кейбір тұжырымдамалар мен әдістер қолданылатын болады.

Модуль төрт тақырыптан тұрады.

4-тақырыпта негізгі радиациялық қауіпсіздік қағидалары оқытылады (уақыт, қашықтық, экрандау), білім практикалық мысалдармен бекітіледі.

«Радиациялық қауіпсіздік қағидалары» төртінші тақырыбына сілтеме бойынша бейнесабақ