Жарияланған күні: 12.05.2020 16:13
Өзгертілген күні: 12.05.2020 16:26

АҚШ ЭМ ЕҚЖ/ЯКТАА (Eкінші қорғаныс желісі/ядролық контрабанда табу және алдын алу) бағдарламасы сайтының «Радиациялық сәулеленуді жалпы шолу» электрондық оқыту Модулінің «Радиоактивті материалдар»

 

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК ОӘО біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Малдыбаева Замира Айдарбековнамен бірге АҚШ ЭМ ЕҚЖ/ЯКТАА бағдарламасының сайтында оқудан өтуді ұсынады.

Электрондық оқытудың осы модулі радиациялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді атқаратын қызметкерлерге, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға арналған.

Модульден өту кезінде қылмыстық немесе санкцияланбаған әрекеттерді анықтау және қадағалау үшін кейбір тұжырымдамалар мен әдістер қолданылатын болады.

Модуль төрт тақырыптан тұрады.

Тақырып 2 радиоактивті материалдардың негізгі түрлерін, оның ішінде табиғи текті материалдарды, сондай-ақ оларды қолдану мен шекара арқылы өткізу кезінде анықтау әдістерін қарастырады.

«Радиоактивті материалдар»  тақырыбы бойынша бейнесабақ сілтемесі