- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 04.04.2024 08:38
Өзгертілген күні: 04.04.2024 09:57
«Көпжақты құрал (MLI)» тақырыбындағы халықаралық вебинар
2024 жылғы 27 - 29 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының Өңірлік салық орталығы Азия Даму Банкімен (АДБ) ынтымақтастық шеңберінде ҚР ҚМ МКК мемлекеттік кірістер органдарының өңірлік өкілдерінің қатысуымен «Көпжақты құрал (MLI)» тақырыбында вебинар өткізуде.
Вебинар сессиясы Қазақстандағы АДБ Өкілдігінің бас экономика маманы Геннадий Раудың алғы сөзімен басталды, ол бұл вебинардың қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша білім мен дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстан тарапынан ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті резидент еместерге салық салу департаменті басшысының орынбасары – Копбасаров Бакытбай Сайлаубаевич сөз сөйледі. Бакытбай Сайлаубаевич өз сөзінде салық салынатын базаның бұлыңғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудың өзектілігін, сондай-ақ салық төлеуден жалтаруды атап өтті.
Вебинардың мақсаты – Көпжақты конвенцияны іске асыру, сондай-ақ салық шарттары мен көпжақты салық құралдары заңнамасы саласында қатысушылардың тәжірибесін ұсыну және білімдерін кеңейту.
Вебинарда дәріскер ретінде салық құқығы және саясат профессоры, АДБ халықаралық салық кеңесшісі Викрам Чанд қатысты.
Вебинар барысында Көп жақты құралдың (MLI) салық келісімдерін тиісінше пайдаланбау туралы ережесі, тұрақты мекеме мәртебесінен жасанды түрде жалтару, сондай-ақ дауларды шешуді жақсарту сияқты мәселелер қамтылады.
Қатысушылар салық келісімдерін тиісінше пайдаланбауға, заңды тұлғалардың қосарланған резиденттігін теріс пайдалануға қарсы күреске және дивидендтерді аударуға қатысты мәселелерге белсенді қызығушылық танытады.
Аталған іс-шара қатысушыларға түсініктерін тереңдетуге және халықаралық деңгейде келісілген салықтық ашықтық стандарттарын сақтау, салық базасын шайып тастау және пайданы шығару деп аталатын салықтық жоспарлаудың агрессивті нысандарынан қорғау бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.