Жарияланған күні: 08.02.2023 09:39
Өзгертілген күні: 08.02.2023 10:35

 

Жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркелу

 

Жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы салықтық өтініш жібереді.

Қою 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес жүргізіледі.

Салық органдары салық өтінішін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

 

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу

 

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлғалар екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы Kaspi.kz, Halyk арқылы да elicense.kz Мемлекеттік кіріс органдарына ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.  

Қою 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес жүргізіледі.

Салық органдары хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

 

Бейрезидент заңды тұлғалардың БСН алуы

 

БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) алу үшін резидент емес заңды тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеу есебіне қоюға салықтық өтініш беруі қажет.

Өтініш 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 және 77-баптарына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып беріледі.

Бейрезиденттерді салық төлеуші ​​ретінде есепке қоюды салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркеу туралы куәлікті бере отырып жүзеге асырады.