Сұрақ: 
<p><strong>Кедендік тексерудің нәтижелері туралы шағым қандай мемлекеттік органға (кімге және қандай мерзімде) беріледі (тексеру нәтижелері туралы хабарлама және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама)?</strong></p>
Жауап: 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 475-бабына сәйкес, тексеру нәтижелері туралы хабарлама және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама 55-тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымданады.

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдануға құқығы бар:

1) қатысты хабарлама шығарылған декларант немесе оның өкілі;

2) хабарлама шығарылған кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға немесе оның өкілі.

Көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы сотқа шағымдануға құқылы.

Шағым тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілген күннен кейінгі келесі отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңглік Ел даңғылы, 8-кіреберіс, 4-кіреберіс) беріледі.