Жарияланған күні: 05.05.2021 18:42
Өзгертілген күні: 05.05.2021 18:47

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға   05.05.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 06.05.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

ТІЖ ресімдеу және ЭШФ жазып беру кезінде процестерді оңтайландыру мақсатында жүйені жаңарту жүргізілетін болады:

1.  Тауарлардың қозғалысы үшін жеткізушіден және алушыдан ТІЖ-де келесі санаттарды көрсетуге тыйым салу:

- Адвокат

- Нотариус

- Медиатор

- Жеке сот орындаушысы

- Жеке тұлға

- Бөлшек сату

- Бөлшек сатушы

- Фармацевтикалық өндіруші

- Лизинг беруші

- Лизинг алушы

- Комитент

- Комиссионер

2.  ТІЖ бланкісіне «Жүк алушының жүк жөнелтушінің деректері» D бөлімінің «Қосымша мәліметтер» D1 жаңа кіші бөлімін қосу.

3.  3\1 өрісіне сәйкес келу тұрғысынан ТІЖ негізінде ЭШФ өңдеуді оңтайландыру.

4.  «Бөлшек сауда» алушысының санаты бар электронды шот-фактура арқылы виртуалды қоймада тауарлардың қозғалу механизмін жүзеге асыру.

5.  Импорттық ТІЖ негізінде жаңартылған xsd бойынша 328.00 СЕН xml веб-порталында қалыптастыру.

6.  Веб-порталдағы журналда ТІЖ қарау кезінде жазбалар санын 1000 жолға дейін ұлғайту.

7.  СОӨЖ АЖО «Экспорттық бақылау» модулі бойынша салық төлеушілердің жүктелген тізімін өңдеуді оңтайландыру.

8.  Веб-порталдағы «Экспортты бақылау» мәзірінің рұқсат құжаттарында 5 «Қолданылу мерзімінің аяқталуы» өрісінде күннің көрсетілуіне қатысты қатені жою.

9.  «Экспорттық бақылау» мәзірінде рұқсат беру құжаттарын сақтау қатесін жою.

Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болады.