Жарияланған күні: 17.05.2021 12:22
Өзгертілген күні: 17.05.2021 12:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

101.04 нысанды салық есептілігін ұсыну туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің 101.04 нысаны бойынша есеп-қисапты ұсынуға қатысты туындаған мәселелерге байланысты қолданыстағы салық заңнамасында салық төлеушілер бейрезиденттерге кірістер төлемеген жағдайда 101.04 нысаны бойынша салық есептілігін ұсынудан босату көзделмегенін хабарлайды.

Сонымен қатар, бұл мәселе қоғамда кеңінен наразылық туғызуын мойындай отырып және осы есептілікті ұсыну кәсіпкерлерге де, салық органдарының ақпараттық жүйелерінің жұмысына да қосымша жүктеме әкелетінін ескере отырып, Комитет Салық кодексіне бейрезиденттерге кірістер төлемеген жағдайда 101.04 нысаны бойынша есеп-қисапты ұсыну міндеттілігін алып тастау бөлігінде өзгертулер енгізу жөнінде іс-шаралар жүргізуде.