
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға 11.03.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 12.03.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін сізге келесі мүмкіндіктер қолжетімді болады:
- Жеткізу қоймасының бірегей сәйкестендіргішін көрсетпей ТІЖ ресімдеу. Егер тауарды алушыда «Жария қойма» белгісі бар қойма болмаса және ТІЖ-де тек G1 «Тауарлар бойынша деректер» бөлімі толтырылса, яғни акцизделетін тауарлар болмаса, жүйе «Жеткізу қоймасының бірегей сәйкестендіргіші» жолын толтырмай ТІЖ ресімдеуге мүмкіндік береді. G2-G8 акцизделетін өнімдердің бөлімдері бойынша «Жеткізу қоймасының бірегей сәйкестендіргіші» жолын толтырмайды, егер лицензияның немесе ҚЖТ-нің міндетті болуы талап етілмесе ғана ТІЖ ресімдеу қолжетімді болады.
- «Литр» өлшем бірлігімен сыра мен сыра сусындарына (G4 «Сыра және сыра сусындары» бөліміне) ТІЖ ресімдеу.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!