Жарияланған күні: 01.09.2022 17:21
Өзгертілген күні: 08.09.2022 15:14

       121 829 автокөлік 2019 ж.- 2022 ж. шілдесі аралығында Қазақстанның аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінді

 

       Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады  және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер  - ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер).

      Кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға болады.

      Уақытша әкелу мерзімі – 1 жыл.

      Кедендік тазарту тәртібі туралы ақпаратты тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады.