
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға 20.05.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 21.05.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру кезінде процестерді оңтайландыру мақсатында жүйені жаңарту процессі жүргізілетін болады:
1. Бірлескен/Операторлық қызмет шеңберінде ЭШФ жазып беру кезінде, «Е - ӨБК қатысушысы» немесе «F – Бірлескен қызмет шартының қатысушысы» санаттарын толтыру кезінде G және H бөлімдеріндегі «ҚҚС ставкасы» және «ҚҚС – сома» жолдарын есептеу алгоритмінің өзгеруі, атап айтқанда:
ЭШФ жазып беру күніне ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеуші үшін осы салық төлеушінің көбейтілетін H бөлімінің әрбір жолы үшін H12 «ҚҚС ставкасы» жолында «ҚҚС-сыз» мәні көрсетілуі тиіс, H13-те «0» мәні болуы тиіс.
2. «Шарт (келісімшарт)» Е бөлімі бойынша ТІЖ негізінде ЭШФ бланкісінің ФЛБ өзгеруі, атап айтқанда Е бөлімінде негізгі/түзетілген ЭШФ-ның мынадай жолдары бастапқы/түзетілген ТІЖ деректеріне сәйкес келуі тиіс:
- 27.1 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған келісім (келісімшарт) - 44а. Келісім (келісімшарт) немесе келісімге қосымша өрісі бойынша
- 27.2 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз) - 44b. Шартсыз (келісімшартсыз) өрісі бойынша
- 27.3 нөмір- 44.1 Нөмір өрісі
- 27.4 күні-44.2 Күні өрісі
- 28 Шарт бойынша Төлем шарттары - 45. Шарт бойынша ақы төлеу талаптарының өрісі
- 30.1 Тармақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге сенімхаттың нөмірі-83.2. Жол нөмірінің өрісі
- 30.2 Тармақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге сенімхаттың күні-83.3. Жолының өрісі
- 31.1 Тармақ жеткізу шарттары - 45.1 Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС) өрісі.
Тауарды қайтаруға ТІЖ негізінде тауарды қайтаруға қосымша ЭШФ жазып берген кезде «Шарт (келісімшарт)» деген бөлімнің жолдары қайтарылған ТІЖ-мен сәйкес келуі тиіс.
3. ТІЖ журналындағы өрістерді кеңейту және қосымша сүзгілерді қосу.
4. ТІЖ бланкісіне G2-G8 бөлімдері бойынша барлық литр, тонна, дана, килограмм, миллилитр санын автоматты есептеу үшін «Барлығы» деген өрісті қосу.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!